Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында психикалық науқас туберкулез ауруханасынан қашып кетті

Ақмола облысында писихикалық науқас туберкулезге қарсы диспансерден қашып кетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160811154640

«10 тамызда Зеренді аудандық ІІБ Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген писхикалық науқас – Астана қаласының 28 жастағы тұрғынының қашып кеткені туралы ақпарат түсті.  Арызданушылардың айтуынша 9 тамыз күні таңғы уақыт 09:00 шамасында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген психикалық науқас тексерістен кейін дәрігерлер мен сантитарлардан орман ішіне қарай қашып кеткен. Қазіргі кезде оның қайда бой тасалап жүргені белгісіз», деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында

Полицейлердің мәліметі бойынша Алексеевка кентіндегі Ақмола облыстық психо-неврологиялық аурухана қызметкерлері науқастың қашып кеткені туралы бір тәулік өткен соң ғана хабарласқан.

Полицейлерге белгілі болғандай 1987 жылы туған науқас Александр Паленис Мариновка туберкулезге қарсы ауруханасынан 2016 жылдың 9 тамыз күні Зеренді ауданы Алексеевка кентіндегі Ақмола облыстық психо-неврологиялық ауруханасына түскен.

Кейін осындағы  психо-туберкулез бөлімшесіне орналастырылып, өзге науқастар сияқты ем қабылдай басстаған. Алайда, 9 тамыз күні таңғы уақыт 09:00 шамасында Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жоспарлы тексеруге жеткізілген писхикалық науқас тексерістен кейін дәрігерлер мен сантитарлардан орман ішіне қарай қашып кетеді.

Сонымен қатар, оның тұрақты мекенжайы жоқ, осыған дейін Астана қаласында тұрып, бұрын сотты болғаны да анықталды.

Қазіргі кезде оның Астана қаласында тұратын туған туыстары анықталып, Астана, Қостанай және Петропавл бағытындағы жолдар меен көліктер тексерілуде. Іздестіру шарасында ақмола облыстық ІІД, ІІБ жеке құрамы мен қоғам және өзге де күштер тартылуда. Көрші облыстардың ІІД психикалық  науқастың бет бейнесі туралы мәліметтер таратылды. Іздестіру шарасы жалғасуда.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда психикалық ауруханадан қашқан науқас іздестірілуде

Талқылау