Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында өзіне қол жұмсамақшы болған бойжеткен үш адамды өлтіре жаздады

Ақмола облысында өзін өлтіруге әрекет жасаған қыз үш адамды өлтіре жаздады. Алдыңғы орындықта отырған бойжеткен автокөліктің рөлін тартып, жібермей қойған. Соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Ақмола облысында өзіне қол жұмсамақшы болған бойжеткен үш адамды өлтіре жаздады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға 20 сәуірде Бурабай ауданында Астана – Көкшетау тас жолында болды.  Кья Соренто маркалы көлігі жол жиегіне шығып, аударып кеткен.

«Алдыңғы орындықта отырған жолаушылардың бірі автокөлік қозғалысы кезінде рөлді өзіне тартып босатпай қойған. Нәтижесінде көлік жыраға түсіп, аударылды», – деп хабарлады ІІД.

Көлікте жүргізушіден басқа Астанадан Көкшетауға бара жатқан тағы үш жолаушы болған. Оқиға салдарынан 70 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Көлік апатын ұйымдастырған Көкшетау қаласының жиырма төрт жастағы тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында ол өзіне қол жұмсамақ болғанын түсіндірді.

Қазіргі уақытта бойжеткен ауруханада жатыр. Мамандардың алдын ала қорытындысына сәйкес, оның психикалық жағдайы тұрақты.

Полицияда жасалған қорытындыда қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау туралы шешім сот-медициналық сараптама қорытындысы және зардап шеккендерге келтірілген зиянның ауырлығын анықтағаннан кейін қабылданады.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе облысында бес баланың әкесі үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді

20 жастағы алматылық жүкті әйелдің өлімі: Перинаталды орталықтың директоры жұмыстан қуылды

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды 

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз желіде танысқан адамдардың үйінде жасырынған

Талқылау