Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында он жастағы оқушы өрт кезінде қаза тапты

Ақмола облысында өрт салдарынан он жастағы бала ажал құшты. Ттағы бір адам ауруханаға жатқызылған.

Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлайды.

Оқиға 15 желтоқсанда Щучинскідегі бес қабатты тұрғын үйде орын алған.  Өрт туралы хабар түскен бойда, оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігі жіберілді. Құтқарушылар пәтер балконына шығып, төрт шаршы метрді шарпыған өртті жылдам ауыздықтады.

Алайда пәтерде он жасар баланың мәйіті табылған.

Өрттен 67 жастағы ер адамда зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар өрттен екі бала мен бір ересек адам құтқарылған.

Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда қаскүнемдер таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған

Павлодарда сөндірілмей қалған темекіден 1 миллион теңге шығын келді

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Шымкент әуежайы тұманды ауа-райына байланысты жабылды

Талқылау