Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мүгедек азамат өз кәсібін ашып, елге үлгі болуда

Ақмола облысындағы Жарқайың ауданында мүгедек азамат қайта өндіруге жарамды шикіттарды қабылдайтын шағын қойма ашты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеп.

Ақмола облысында мүгедек азамат өз кәсібін ашып, елге үлгі болуда

Церебралды сал ауруына шалдыққан 2 топтағы мүгедек Сергей Привалов денсаулығындағы қиындыққа қарамастан кішігім кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп отыр. Сергей мүгедек болса да бала күнінен еңбекқор болып өскен.

Үйде білім алған жігіт білікті мұғалімдердің арқасында өз қатарынан қалмады. Сергей мектепті үйде оқыса да, компьютерді қалай қолдану керек екенін үйреніп қана қоймай, тіпті программист болды. Ол орта білім алғаннан кейін колледжге оқуға түсіп, прграммистің дипломын алды.

Кейіннен ол отбасы мен достарының қолдауымен Державинск қаласында кішігірім қойманы жалға алып, өзінің кішігірім кәсібін ашты. Сергей ол қоймада картон қағаздар мен пластик бөтелкелерді және темір ыдыстарды, яғни қайта өңдеуге жарамды шикізатты қабылдайды.

Ол, тек қоймада отырып қана қоймай, шикізат іздеу үшін қаланы да аралайды екен. Сергей мүгедек болса да туыстарына ауыртпалық артпау үшін жинаған қаражатына велосипед сатып алып, оған арнайы жәшіктер орнатып алған.

«2017 жылдың күзінде Сергей Привалов «Нұр Отан» партиясының Жарқайың аудандық филиалына бизнес жүргізу идеясымен келіп, жоспарын айтты. Оның идеясы аллюминий ыдыстарды, пластик, шыны бөтелкелер мен қағаз қалдықтарын жинаудан тұрады. Сергей церебралды сал ауруына шалдыққан 2-ші топтағы мүгедек. Ол ұзақ жылдар бойы кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Сергей тіпті кілем, палаз жуып, моншаға арналған сыпырғыштар сатып, көп нәрсемен айналысқан», – дейді «Нұр Отан»партиясының баспасөз хатшысы Динара Дүйсен.

Өз ісін картон жинаудан бастаған Сергей қоқыс өңдейтін қойма ашуды бұрыннан ойластырғанын айтты.

«Қоқыс өңдейтін қойма ашуды бұрыннан ойға алған болатынмын. Айналаға қарасам қоқыстан аяқ алып жүре алмайсың. Содан қоқыстардан бір нәрсе жасау керек деп ойладым. Кейін осы жайлы зерттеп, қоқыс өңдеумен айналысуды жөн көрдім», – деді Сергей.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау