Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мас адам оқушылар автобусын жүргізген

Ақмола облысында ішімдік ішкен жүргізуші оқушылар автобусының тізгініне отырған. Көлік салонында 10 мектеп оқушысы болған.

10803509

Ақмола облысында мас күйінде оқушылар автобусын басқарған жүргізуші туралы, облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

Бұланды ауданында жол полициясы “ПАЗ 32053” маркалы оқушылар автобусын тоқтатқан.

“Көлік жүргізушісінің рөлге мас күйінде отырғаны анықталды. Салонда Бұланды ауданындағы орта мектептің 10 оқушысы болған”, – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырып, оны медициналық куәландыруға жіберген. Наркологтың тексеруі нәтижесінде “ішімдік қолданудың жеңіл түрі” деген анықтама жарияланды.

Жүргізушінің мас күйінде автобус айдауына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Талқылау