Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қыс түспей жатып 47 жастағы әйел үсіп өлді

Ақмола облысында үйсіз әйелдің өлі денесі табылды, алдын-ала мәліметтер бойынша ол үсіп өлген.

2359383

Мекеме мәліметтері бойынша Бурабай АІІД 13 қыркүйек күні Шортанды тұрғыны қоңырау шалды, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне аймақтағы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ол қираған бес қабатты тұрғын үйден әйелдің денесін тауып алған. Оқиға орнына келген полицейлер тұрғылықты мекен жайы жоқ  47 жасар әйелдің қайтыс болғанын анықтады.

Алдын ала болжам бойынша әйелді үсік шалған. Әйелдің денесі сараптама жасау мақсатында мәйітханаға жөнелтілді.

ТЖД мәліметтері бойынша Ақмола облысында 12 – 13 қыркүйекке қараған түні – 3 градусқа дейін үсік болжанған еді.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО-да екі азаматты өлтіріп, үйді тонағандар кетерінде өрт қойып бүкіл отбасының көзін жоймақ болған

Америкалық лингвист Джонатан Вашингтон: Баламның есімі Төле бидің ұлымен аттас

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)

Талқылау