Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қырыққа жуық баласы бар отбасы тұрады

Ақмола облысында қырыққа жуық баласы бар отбасы тұрады. Бұланды ауданының тұрғыны Серік Әкімжанов “біздің отбасы кішігірім ассамблея”- дейді. Себебі, жолдасы екеуі 9 ұлттан құралған 39 баланың қамқоршы ата-анасы атанып отыр.

1414

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Серік пен Жаңылғанның жанұясында бүгінде отыз тоғыз бала бар. Бауырларына басқаны отыз төрт, бесеуі туған перзенттері. Асырап алғандар тоғыз түрлі ұлттың өкілдері.

“Өзім кішігірім ассамблея деп, соны кішкене мақтан етемін. Асырап алған бала, туған бала не тумаған бала деп есептемейміз. Өйткені балалардың кінәсі жоқ. Балаларды біз сырттан да, даладан да, подвалдан да, детдомнан да, приюдтан да алып отырдық. Біз таңдамадық соны”, – дейді Серік Әкімжанов.

Серік пен Жаңылған бала жастан жетімдіктің дәмін татқан. Осы жағдай мұншалықты көп баланы асырап алуға себеп болған екен. Отағасы 1-топтағы зағип жан әрі құлағының да мүкістігі бар. Соған қарамастан әйелі екеуі түрлі ұлттың балаларына бар білгендерін үйретуде. Балалары да отбасы бақытын сезенініп, ата-аналарына барынша қолқабыс көрсетіп жүр.

1212

“Отбасымда жақсы сезінемін. Тек қана бірлік, татулық. Ешкім ұрмайды, соқпайды”, – дейді 9-сынып оқушысы Қайрат Әкімжанов.

Қайрат секілді үйдегі өзге ұлттың балалары аты-жөндерін қазақшаға өзгерткен және өздерін қазақпыз деп мақтанады. Қазақ өнерінен де құр алақан емес. Мәселен, ұлты поляк Ғабиттың қазақша күрестен жетістіктері көп. Одан өзге қазақша ән салғанды ұнатады. Ал ұлты украин болса да, жаны қазақ Жансая әдебиетке жақын.

34 баланың тең жартысын ата-аналары құтты орындарына қондырған. Отағасы мен ошақ анасы солардан 18 немере сүйіп отырмыз деп шат-шадыман күйде.

Талқылау