Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында күйеуі азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып қашып кеткен

Степногорск тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің атына несие рәсімдеп, артынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Келіншек қалалық ішкі істер басқармасына өткен жылдың қазан айында белгісіз біреулердің өз атына 150 мың теңге көлемінде несие алғанын айтып шағымданған. Қазіргі уақытта ол шағын несие беретін ұйымға үстемесімен қосқанда 358 мың теңге қарыз.

«Несиені зардап шегушінің азаматтық некедегі күйеуі рәсімдеген. Ол бұған дейін мүлікке қатысты қылмысы не алаяқтық үшін сотталған. Анықталғандай, бұған дейін келіншек интернет арқылы онлайн түрде қарыз рәсімдеген. Алайда алған қарызын пайызымен қоса өтеген», – дейді ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, 30 жастағы ер адам зардпа шегішінің құжаттарының реквизиттері мен банк картасының нөмірін қолданып, артынан қашып кеткен.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айыпталушыға 2,4 миллион теңге көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі автобус өрті: Полиция жүргізушілерден жауап алып жатыр

Талқылау