Ақмола облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, өлім аузына тастап кеткен. Оны түрмеге де отырғызбаған

Сәуір айында Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген көлік жүргізушісі тек шартты түрде сотталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі “ЭкспрессК” басылымына сілтеме жасап.

Аталған оқиға 8 сәуір күні түнде Атбасар қаласында болған. 31 жастағы жергілікті тұрғын Зайр Дзейтов Toyota Land Cruiser автокөлігін қатты жылдамдықта тізгіндеп келе жатып, жолдың шетінде келе жатқан әйел мен еркекті қағып кеткен. Сонда артына қарап тіпті тоқтамай, ары қарай кете берген. Оқиға орнында алған жарақаттан Валентина Митрофанова қайтыс болды.

Полиция Дзейтовті ұстап, оған қатысты қылмыстқы іс қозғалып, тергеу изоляторына қамалған болатын. Алайда атбасарлық прокурор іске кірісіп, оны қамаудан босатқан. Бірақ Дзейтовтің адам қаққан видосы желіде тарап, қолданушылардың наразлығын тудыруда. Оның бұрын соңды жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сонымен, оны тек желі қолданушыларының наразылығынан кейін ғана қамауға алып, кейін үйіне босатып жіберген. Бұл іс анықталғаннан кейін Дзейтовті босатқан аудандық прокурор Қазбек Ахашев қызметінен босатылды.

Қылмыстық іс төрт ай жалғасты. Тамыз айында айыпталушы прокуратурамен кәнісін мойындау туралы процессуалдық келісімге келген. Алайда қайтыс болған Митрофанованың балалары анамыздың жерлеу рәсімін көтерді деген себеппен оны босатуын сұраған.

Сот Дзейтовті кінәлі деп санап, екі жарым жылға шартты түрде соттаған, сонымен қатар жүргізу куәлігінен үш жылға айырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар