Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қариялар атақ үшін қырқысып жатыр

Зерендідегі жаңа аллеяда осы атаққа ие болған ақсақалдардың суреттері ілінгелі өзге ардагерлерден тыныш кеткен. Өйткені, кезіндегі үзеңгілестерінің көбін олар мұндай құрметке лайықсыз санайды. Тіпті тақтадағы суреттерді алып тастауды талап етіп, әкімдікке арызды қарша боратып жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

пиу

Бұл кеңес кезінде талай биліктің тұтқасын ұстаған, қызметтес болған қариялар. Бір-бірінің елге еңбегі қалай сіңгенін жақсы біледі. Сондықтан, құрмет тақтасын тізген кезде өздерімен ақылдаспаған әкімдікке өкпелі. “Халықтан сұраған жоқ. Халық білмейді оны. Мен Қабдешевке қарсымын! Еңбегі жоқ оның. Моншаны, бақшаны сатып алған”, – дейді Зеренді ауылының тұрғыны Сапура Махметова.

Кезінде лауазымды қызмет атқарған адамдардың бірі – 84 жастағы Олжабай Нұрғалиев. Бірақ оны «Құрметті азаматтардың» қатарынан көріп қалған басқа замандастары енді тақтадан алынсын деп арызданып жатыр. «Ауызы арақтан кепкен емес» деп кінәлапты оны басқа ауылдастары.

“Мені арақ ішті депті. 20 жылдан бері аузыма арақ құйып көргем жоқ. Парторг боп жүргенде енді арақты іштік. Арақты ол кезде Кеңестік дәуірде бұзау да ішті”, – дейді Зеренді ауданының Құрметті азаматы Олжабай Нұрғалиев.

Ал ақсақалдарға атақ үлестіретін комиссия өкілдерінің өз уәждері бар. Сұранып жүріп, «Құрметті азамат» атану мүмкін емес дейді олар. Сондықтан, құрметті деп танылғандар бейәдет қылық көрсетсе ғана, онда да атақ сот арқылы тартып алынады екен. Ал, әзірге ондай дәйек келтіріп, сотқа ешкім арызданбапты.


Жіберіп алмаңыз:

Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Шариғат бойынша күйеуінің әйелі алдындағы жыныстық міндеті

Рамазан айында қандай адамдардың тілегі қабыл болмайды?

Талқылау