Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында күйеуіне ашуланған әйел полицияға ақсақалдың қылмысын ашып берген

Облыс аудандарының бірінде егде жастағы әйел күйеуімен ұрысып қалып,  ызалана отырып полицияға хабарласқан. Құқықтық орган қызметкерлеріне отағасының бірнеше жылдан бері үйінде заңсыз қару сақтайтынын жайып салған.

соттасты

Жергілікті полиция ақпаратты ала салысымен бірнеше минуттың ішінде хабарласқан әйелдің үйіне келген. Олар барлық жерді тексеріп расымен де тығып қойған қаруды тауып алады. Әйелі ұстап берген азамат барлық айыпты мойындаған. Отағасы шолақ мылтықты 1990 жылы жақын маңдағы тоғайдан тауып алғанын,үйіне алып келіп тығып кейіннен тіпті ұмытып кеткенін айтқан.

Қаруды тексеруден өткізген экспертиза мамандары  аздаған жөндеуден өткізсе істеп тұрған қару деген анықтама берген. Полиция 66 жастағы зейнеткерді қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыпты деп тапқан. Өз айыбын мойындағанына қарай бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Енді ақсақал  жұбайына қарсы шығуға да қорқып қалыпты.

Талқылау