Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы мектеп оқушысы іздестірілуде

Ақмола облысында 3 күннен бері ұшты-күйлі жоғалған 16 жастағы мектеп оқушысын іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

778877

Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, қыздың әкесі полицияға хабар түсіріп, Нұрайлым Сұлтанованың жоғалып кеткені туралы айтқан.

“Әкесінің айтуынша, қызы 5 қараша күні сабаққа кеткеннен соң қайта оралмаған. Олар бастапқыда өз беттерімен іздеген, кейін нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласқан. Қазір арнайы құрылған іздеу тобы қызды Астана қаласы мен аудандарынан іздеп жатыр”, – дейді полицейлер.

Нұрайлымның белгілері: бойы 170 см, шағын денелі, аққұба келген, шашы ұзын және қоңыр түсті. Ол үстіне қоғыр түсті тоқыма бас киім мен көк түсті балон куртка, көк джинсы, қысқа етік киген.

Талқылау