Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мас жүргізушіден пара сұраған полицей сотталды

27 наурыз күні Ақмола облысы Зеренді ауданында полицей көлік жүргізушісін ұстап, Көкшетаудағы наркодиспансерге жеткізген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін жүргізушінің ішімдік ішкені анықталған.

9412569e5653c3965b82050a180

Сурет: kapital.kz 

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Сол кезде полицей оған таңға дейін 50 мың теңге әкелсе, жұмысты жабатынын айтқан. Жүргізуші көп ойланбастан жақын жердегі жемқорлыққа қарсы күрес бюрасына хабарлаған. Ол жерде жүргізушіге белгіленген ақша мен арнайы аппаратура берілген.

Ертесі күні жүргізуші офицердің кабинетінде ақшаны берген, оған жүргізуші куәлігі қайтарылған. Алайда, протоколды көлікті құжатсыз жүргізген деп толтырған. Осы кезде ұлттық бюро қызметкерлері полицейді пара алып жатқан қылмыс үстінде ұстаған.

Зеренді аудандық соты 38 жастағы пара алған экс-полицейді кінәлі деп тауып, оған 2 млн 983 мың 032 теңге айыппұл салып, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Айыпталушы майор атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Нұржан Баймулдин

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда полицейге екі мың теңге пара ұсынған жүргізушіге 400 мың теңге айыппұл салынды

Павлодарда ұрланған көліктерді сатқаны үшін экс-полицей сотталды

Талқылау