Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында іш киімін бүлдіргені үшін көңілдесін өлтірген бойжеткен сотталды

Азаматтық некедегі күйеуі әйелінің темекі шекпеуін ескерткен. Соңы дауға айналып, ер адам кір жайылған жіпті үзіп алған. Ішкиімдерінің былғанғанын көріп ашуланған әйелі оған ас үй пышағын сұғып алған.

901c5357_4781_43fd_9f1c_ede32f1fd63c_1_47161500

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

20 қыркүйек күні Есіл қаласында болған келеңсіз оқиға полицейлерді таң қалдырды.

Бойжеткен азаматтық некедегі күйеуімен бірге ішімдік ішкен. Арасында іш киімін жуып, оны жаю үшін тысқа шығады. Сол мезетте артынан ере шыққан азаматтық некедегі күйеуі әйелінің темекі шекпеуін ескертеді. Соңы дауға айналып, ер адам кір жайылған жіпті үзіп алған. Ішкиімдерінің былғанғанын көріп ашуланған әйелі оған ас үй пышағын сұғып алған.

Ер кісі алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды. Сот бойжеткенді кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Ер адам алған жарақат салдарынан сол жерде көз жұмды.

Сот шешімі бойынша 21 жастағы бойжеткен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау