Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам туған бауырын өлтірді

Ақмола облысында туған бауырын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

906651

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне 31 мамыр күні 54 жастағы Ресей азаматшасы хабарласып, 35 жастағы немере інісінің 25 мамырдан бері жоғалып кеткенін хабарлаған.

“Үйді тексеру барысында полицейлер жерқоймадан жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты”, — деп хабарлады полиция.

ІІД түсіндіріп өткендей, бұлтарпайтын дәлелдерге байланысты 36 жастағы ер адам ішімдікке мас болып, туған інісін өлтіргенін мойындапты.

Күдікті ішімдікке салынғаны үшін дәрігердің есебінде болған, оған ақыл-есі дұрыс емес деген диагноз қойылыпты. Қазір ол қамауда отыр. Сот алды тергеулер жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Таразда жантүршігерлік апат болып, 24 адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде 3 жасөспірім ойнап жүріп суға ағып кетті

Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің әжесі: Ату жазасының болмағаны өкінішті

Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

Талқылау