Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам сәбиді еденге түсіріп алып, соңынан шарап берген

Сот анықтағандай, азамат П. алкогольдік масаң күйде жуынатын бөлмеде үш айлық баланы кафелденген еденге түсіріп алды, содан соң жылаған баланы тыныштандыру үшін сүтке шарап қосып берген.

02695a59-ba31-487e-be55-0aae87bcbf1b

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Кейінірек баланың жағдайы нашарлаған, бірақ ер азамат медицина қызметкерлеріне хабарламаған. Нәтижесінде абайсызда баланың өліміне әкеп соқты.

Сот үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігімен («Абайсызда қазаға ұшырату») оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазасы тағайындалды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Талқылау