Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі оқушы суға батып кетті

Тайтөбе ауылында тасқын суға қарсы траншеяда жүзіп жүрген оқушы қыздар суға батып кетті, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА ауданның ішкі істер департаментінде.

utonul-malchik

«Тайтөбе аулында тасқын суға қарсы траншеяда жүзіп жүрген оқушы қыздар суға батып кетті. Олардың бірі Тайтөбе ауылында тұратын 2002 жылы туылған 8 сынып оқушысы болса, екіншісі 2003 жылы туылған 7 сынып оқушысы – Қорғалжын ауданы Жантеке ауылының тұрғыны», – дейді полиция.

Судан табылған қыздардың денесінде зорлық белгісі жоқ. Мәйітханаға жөнелтілген қыздардың денесіне сараптау жұмыстары жүргізіледі.

Құқық қорғау органдары жазғы демалыс уақыты басталғандықтан, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.

Талқылау