Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында екі ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында екі ер адам мектеп жасындағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған. Олардың әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер департаменті хабарлады.

bk_info_orig_20755

Сурет izvestiaur.ru

Полиция мәліметінше, облыстық ішкі істер бөліміне 1976 жылы туған әйел хабарласқан.

“Өтініш беруші 26 мамыр күні белгісіз біреулер оның кәмілеттік жасқа толмаған 2002 жылы туған, 7-сыныпта оқитын қызына зорлық көрсеткенін айтты. Жедел-іздеу шараларының арқасында 1987 және 1992 жылы туған екі жергілікті тұрғын ұсталды”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша 122 бап, 1 бөлім “Кәмілеттік жасқа толмаған қызға жыныстық зорлық көрсету” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау