Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бұрынғы әкім 8 жарым жылға сотталды

Ақмола облысында экс-әкім ауыл тұрғынының өлімі үшін 8 жарым жылға сотталды. Ол сотта кінәсін мойындаған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Бұрынғы әкім сот шешімі шыққанға дейін Баржақсы Жәмішевтің өліміне қатысы жоқ екенін айтты.

Тергеу кезінде Курск ауылының әкімі марқұмның өзі кінәлі екенін айтты. Ол көлікке өзі секіріп мінді деген болатын. Сондықтан алғашында іс “Өзіне қол жұмсауға дейін апару” бабымен қаралды.

Кейін шенеуніктің серіктесімен бірге Жәмішевті жабылып ұрғаны белгілі болды. Қайғылы оқиғаға дейін арада жанжал болған. Зардап шегуші 5 күннен соң есін жимастан мерт болды.

Шенеунік жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді. Азамат Әбілқадіров 8,5 жылға сотталып кетті. Сотталушыларға 5 млн теңге өтемақы төлей міндеттелді.

Олар бұған дейін үйқамақта отырды.

“Қылмыс жасаған адам жазалануы тиіс. Оларды ешкім мұндайға күштеген жоқ, өздерінің қалауы осы болды”, – дейді марқұмың әйелі Татьяна Жамишева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау