Ақмола облысында бозбала ғаламтор қолдандырмағаны үшін өзіне қол жұмсады

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 12:21

Ақмола облысының Зеренді ауданында 17 жастағы бозбала ғаламтор пайдалануына шектеу қойылғандықтан өзіне қол жұмсаған.

8774738

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Ведомства мәліметінше, аудандық полиция бөліміне сәрсенбі күні 1980 жылғы жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен

«Әйел адам өзінің 1999 жылғы ұлының үйдегі ваннада өзіне қол жұмсағанын айтқан. Ұлы өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған».

Ол хатта кәмілет жасқа толмаған жігіттің еш жерде оқымайтыны, жұмыс істемейтіні жазылған. Ол әлеуметтік желі арқылы өзінен 7 жас үлкен қызбен танысқан. Осы үшін анасы екеуінің арасында ұрыс болып, анасы ұлының ғаламтор пайдалануына шектеу қойған.

Полицейлер желі арқылы танысқан қызды тауып, одан жауап алған. Қыз шынында да ол жігітпен танысқанын, бірақ оның өзінен кіші екенін білгенде контактісін өшіріп тастағанын айтқан. Жігіт сонда да оны тауып алған екен.

Қазір «Өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар