Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында боранда адасып кеткен екі адам іздестірілуде

Ақмола облысында боранда адасқан азаматтар екі тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Олар бірге емес. Екі мезгілде екі түрлі ауданның азаматтары жоғалып кеткен.

14262517071s1xq

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жоғалған адамның екеуі де – ер адам. Бірі 17-ші желтоқсан күні сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кеткен Атбасар ауданының тұрғыны болса, екіншісі Астрахан ауданының тұрғыны. Ол кеше кешкісін сағат 19:00 шамасында үйінен шығып қайтып оралмаған. Қазіргі кезде, ТЖД және ІІБ қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының көмегімен жоғалған екі адам да іздестірілуде. Әзірге, нәтиже жоқ», деп түсіндірді кезекшілік бөлімінен.
Еске сала кетсек, соңғы 10 шақты күннен бері Ақмола облысы аумағында секундына 20 метр жылдамдықпен жел тұрып, боран соғуда. Қазіргі кезде, Көкшетау қаласынан шығатын барлық бағыттағы тас жол жабылған. Сонымен қатар, желтоқсанның 20-21 күндері қатты аяз болады деп күтілуде.

Талқылау