Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бір ауыл 16 жылдан бері арақтан бас тартып келеді

Арақ түбі мазақ пен азап. Елімізде ішімдік атаулыдан бас тартқан бірнеше ауыл тұрғындарының ұстанымы осы. Ішу былай тұрсын, шылым да шекпейтін елді-мекендер бар екен.

Ақмола облысында бір ауыл 16 жылдан бері арақтан бас тартып келеді

Қонақ боп бара қалсаңыз ойланасыз. Келесі материалымызда Ақмола облысының Еңбек ауылына арнайы сапар барысын баяндамақпыз. Ораза айында құдай өзі кешірсін, тіпті дүкендеріне барып ішімдік сұрап та көрдік. Біз сұрағанымызды ала алдық па? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Біз Астанаға 220 шақырымдай қашықтықта орналасқан Еңбек дейтін ауылға бет алып барамыз. Тұрғындардың айтуы бойынша бұл елдімекен арақтан түбегейлі бас  тарқан. Расында солай ма? Қазір біз өзіміз көз жеткізіп көреміз. Болат аға, бірден дүкенге қарай тарттық онда! Жақсы….

Еңбек елдімекеніне бұрылдық. Бірінші рет келгесін, дүкеннің қайда екенін білмедік, жөн сұрадық.

Дүкен емес, дүңгіршек-ау. Қант-кәмпит алғандай болдық, бірақ негізгі ойымыз  ішімдік атаулы сатылмайтыны рас па? Соны анықтау.

Не жоқ па, коньяк бірнәрсе? вино ештеңе жоқ па? 0344 сатасыздар ма ішімдік?

– Жоқ.

– Қашаннан бері сатпайсыздар?

– Мүлде сатпаймыз.

Арақсыз ауыл дегенге үміт болды, күдік те жоқ емес еді. Сейілді. Ағайынның айтуынша,  тура 16 жылдан бері ащы су бұл маңда ішілмейді. Басты себепкер  Майдан әже. Туған жеріне жаны ашып, 2002 жылы әкесінің үйінің орнына мешіт салдырыпты.

«Мешіт қалай салынды, ертеңгі күні магазинді жаптық, содан жабылды. қарсылық болды ғой, осы уақытқа дейін қарсылық болып жатады. Пенде болғаннан кейін түсіне қою, сол жолға түсе қойса, өміріміз мынандай болмай бәріміз жұмақта жүреміз ғой» – деді ауыл тумасы Майдан Бақтыбайқызы.

Көп жылдан бері ауылдың үлкені мен кішісі  жиналатын жер-  жын- шайтанның ортасы емес, имандылықтың,  руханияттың ордасы – мешіт. Арақтан бас тартқан ауылдағы ағайын Алланың үйінде ағынан жарылып, елі үшін, жері үшін тыныштық тілейді. Әрі  халық арасына іріткі салатын теріс ағымдардан сақтауын сұрайды.

«Дінімізде де Пайғамбарымыз Хадис Шәрифінде айтылған ғой арак ол харам,харамның басы арактан басталады.Өйткені  арак ішімдік ішкен жерлерде береке болсмайды, береке кеткен ауылдан ешкандай жаксылык болмайды деген секілді.Сол себептен мешітімізге жаз айларында біз дәріс сабактарын өткіздік. Балалар мен имандылык сабактарын өткіздік» – дейді имам Ерболсын Қазкенов.

Ауылымыздан ащы су кетті, бірақ береке келді дейді бұқара. Бұл маңның басты қағидасы  біріміз бәріміз үшін.

«Бұл жерге біз өз бетімен огород салдырдық., бар қолынан келгендері мал ұстау ғой, сол малды ұстағаенада жеке-жеке мынау сенің малың мынау менің малым емес, бірігіп бірігіп жол салып жүргеніміз де солай бүкіл техникасымен шық дейді шыға қалады, бірі біріне көмектесіп, кейде бір шөп таусылып қалатын болса, бірінің малын бірі бағып солай алып шығады бұл ауыл. Осындай жағдайға жеттік те жеткіздік те» – дейді ауыл тумасы Майдан Бақтыбайқызы.

Сенесіз бе? Елестете аласыз ба? Ауыл – қоқыстан ада. Бір үйдің алдынан шашылып жатқан пешті көрмейсіз, көшеде не қағаз не малдың  тезегі жатпайды. Жұрт кезекпен жинайды. Бір қызығы сен сөйт-бүйт деп ешкім міндеттемейді, азаматтық борышына балайды. Туған жерге деген махаббаттың туы жүрекке орнағаны  арақсыз өмірдің арқасы.

«Егер арақ ішетін болса, арақ жүрген жерде харам нәрсе жүрген жерде не береке бар, не абырой бар, не ғылым, не білім, не қызмет бар, жоқ қой» – дейді ауыл тумасы Майдан Бақтыбайқызы.

Үкімет ананы берсін, мынаны деп міндетсінбейді. Өңірдегі бар мәселені өздері-ақ шешіп жұр. Мәселен жұмыссыздық. Қазір екінің бірінің қорасында мыңғырған мал, одан қалды қолдан келгендері жеке кәсіп ашып алған.

«Ауылдық жерде тұрғаннан кейін ауылда жұмыс жоқ екенін білесіздер ғой. Ой туды неге істемеске деп. Сосын балалармен келісіп бастадық, екі жарым жыл болды істеп айналысып жатқанымызға. 2,5 жылда 255 үстел істедік. Қазір барлық ауылда осындай бар» – дейді ауыл тұрғыны Қайыржан Досмағамбет.

Жолды жұрттың өзі-ақ жөндеді, екі қолға бір күрек тапты. Күрмеуі шешілмей тұрған түйткіл екеу. Біріншісі – ауыз су.

«Ауылда су бар. каждый үйге құдық қазғызып алдық. 20 м тереңдікте, бірақ суымыз ащы, ішуге келмейді, өзеннен алайын лдесек таза емес, мал түұседі, құс түседі, ішуге джарамайды. Қазір алыстан тасимыз. Үйге техника болғасын машинамен әкеліп отырамыз қысы жазы» – дейді ауыл тұрғыны Айтбай Сыздықұлы.

Ауылға екі шақырым жерде екі жыл бұрын 4 құдық қазылды. Қазылғанымен, қараша ағайынға ауыз су сол күйі жетпеді. Бұл сұраққа жауапты әкімдік бүй дейді.

«Қаржы мәселесі қаралып жатыр. биыл міне смета жасалады. жуырда ғана осы сұрақ көтерілді депутаттардың мәслихатында. Шешімін табады деп ойлаймын» – дейді Еркіншілік ауылдық округінің әкімі Жаңабай Амангелдинов.

«49 жылдары осы переезд салыныпты, алды жабылып тасталынды. Ауылдың тұрғынлдарының қатынасуы қиын болды. Перезді ашса екен дейміз. міне дайын тұр. Осылау тура жол салса, ешқа.ндай не жоқ, тарсса ашық, екі жаққа жүріп жатыр»- дейді  ауыл тұрғыны Айтбай Сыздықұлы.

Ал қазір су мен азық-түлікті іргедегі Ерейментаудан тасу үшін тұрғындар мына көпірдің астымен өтуге мәжбүр. Жазда қойшы, жағдай жеңілдеу, қиыны қыста, көресіні көрсетеді. Боран болып, көпір бітеліп, жол жабылады, ал жұрт аш қалады. Сол үшін күре жолға шығаратын өткел ауылға ауадай қажет.

«Переезд мәселесін теміржол басқармасы шешу керек. Біз хат жаздық өз жұмысымызды істедік. Бірақ бізге жауап берген жоқ» – дейді  Еркіншілік ауылдық округінің әкімі Жаңабай Амангелдинов.

Құлқынды тыйып, тура жолға түскен тағы бір елдімекен Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты – Жыланды деп аталады. Алақандай ауыл облыс орталығынан қашық, бірақ салауатты өмірге асық.

«Ішімдіктен бас тартты дегеніңіз рас. Осыдан 3-4 жыл бұрын  ауылмыздың үлкен- кісілері келісіп, ауылда ішімдік сатылмайтын болып келіскен. қазір ауылда ішімдік ешкім ішпейді, темекі тартпайды десек те болады» – денйді Жыланды ауылының тұрғыны Нұрбол Мерейев.

Ішімдік жоқ, темекі жоқ, орнына спорт бар. Жыланды жастарының дені бокспен шұғылданады. Спорт кешенін, мешітті де, Үкімет салып берген жоқ. Маңызды қос нысан  туған жеріне деген перзентінің теңдессіз тартуы.

«Ауылдың жақсаруы кәсіпкер Бауыржан Оспановтың бізге көп көмек  жасап спорт  кешенін жасап берді, мешіт салып берді. Мешіттен басталды ғой жақсылықтың бәрі. жастарымыздың көбісі қазір спорт саласымен көп айналысып жүр. Қазақстанымыздың Жәнібекұлы осы ауылдан шыққан түлегіміз ғой. Алдыңғы себебіміз осы боп тұр ғой. Соған қарап бой түзеп, жастарымыз соған қарап өсіп келе жатыр» – дейді Жыланды ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлебай Сыбанбаев.

Шариғатта бар. Барлық жамандықтың кілті  ішімдік. Яғни арақ-шарап ішкен адам екі өмірде оңбайды.

«Алла тағала біздің ағзамызды өте таза бейнеде жаратқан болса біз оны ластамауымыз керек. Өйткені ол денсаулыққа да, құлшылыққа да, отбасы, жанұямызға да, қоршаған орта, қоғамымызға тікелей әсер етіп жатқаны баршамызғы белгілі, сондықтан ондай нәрседен аулақ болғанымыз абзал. Рамазан айының қарсаңында әрбір дүкеннің есіктеріне жазып қойдық, Рамазан айының құрметіне ішімдік сатылмайды деп. Ауылдың халық білсе де, сырттан келгендер бар. солар білсін, көрсін деген мақсатпен сондай үндеу тастап, ішімдіктің сатылмауына үлкен үлес қосып жатқан жайымыз бар» – дейді Жылданды ауылының бас имамы Әділғазы Дәндібаев.

Байқасаңыз, арақтан бас тартқан қос ауылда береке бар, мереке бар, бірлік бар, тірлік бар. Еңбек елдімекені атына заты сай, саусақ бірікпен ине ілікпейді деген мақалды еске түсіретіндей. Ал Жыландының кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін кеңпейіл жұрты тұмса табиғатымен үндесетіндей, үйлесетіндей. Айтпақшы, қашанда арақ ішкен қазақ ел жұртқа мазақ. Ішімдіктен қашық бол, арақ  атаңнан қалған ас емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау