Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бір апта күйеуінен қашып жүрген келіншек табылды

Ақмола облысында әйелі күйеуінен бір апта қашып жүрген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

9443951

Полицейлердің дерегі бойынша 6 күн бойы іздеуде жүрген үш баланың анасы күйеуінен қашып саяжайды паналаған.

Шілденің 14-і күні Көкшетау қалалық ІІБ-іне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, әйелінің із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Ер адамның сөзіне қарағанда 1975 жылғы әйел таңертең үйінен жұмысына кетіп, кейін қайтып оралмаған. Осыған байланысты қалалық ІІБ қызметкерлері әйелге іздеу жариялайды.

Полицейлер анықтағандай жоғалған әйел облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде ойыншық сатумен айналысады. Сонымен қатар оның спирттік ішімдікке әуес екені анықталды. Оның үйінен қашуына да осы себеп болған.

Шілденің 14 күні барған оны түскі үзіліс кезінде директор мас күйінде екенін көріп, үйіне жібереді. Алайда, әйел күйеуіне қоғамдық көлікпен үйіне келе жатқанын хабарлап, бірақ өзі басқа жаққа бет алады. Кешке дейін дейін әйелін алаңдап тосқан ер адам келмеген соң полицияға хабарласады.

«Қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері түрлі болжамдар бойынша әйелді іздеуге кіріседі. Нәтижесінде таныстарын тексеру барысында жоғалған әйелдің 80 жастағы анасы қала сыртында тұратын анықтайды. Кейін әйелдің өзі де осында саяжайдағы үйден табылады. Қазіргі кезде әйел табылып, отбасымен қауышты», деп көрсетілген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Сафар Шәкеевке ұқсайтын жігітті 3 күн бұрын көрген куәгер табылды

Шымкентте жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды

Талқылау