Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында басшысы жұмыстан қуған мұғалім сот шешімінен қызметіне қайта орналасты

Ақмола облысының сотында татуласу келісімі бекітіліп, заңсыз жұмыстан шығарған оқытушы жұмыс орнына қайта орналастырылды, деп хабарлайды Stan.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

f31a635ec6cef71af7bfe0f76fa4a2d1_XL

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азаматша Ж. балалар музыкалық мектебі директорының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, еріксіз бармаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны өндіріп алу, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеу туралы талап арызымен жүгінді.

Сот, азаматша Ж. балалар музыкалық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған кезінде, алты ай ем алуда болғанын анықтады. Осыған байланысты, оқу орнының директоры оны жұмыстан шығарған. Директордың шешімімен келіспей, азаматша Ж. сотқа жүгінген.

Сотта мектеп директоры мен талапкер келесі шарттар бойынша татуласу келісімін жасады. Біріншісі – талапкер жұмысқа қайта орналастырады, еріксіз болмаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны төлейді, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлейді, ал талапкер – талап арызынан бас тартады.

Сот татуласу келісімді бекітті, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысы тұрғынының әйелін айуандықпен өлтірген сәті жарияланды (видео)

Әріптесін сотқа берген ақтөбелік имамның арызы жала болып шықты (фото)

Қостанай стансасының бастығы өлім алдындағы хатында не жазды

Алматы облысында ұрылар 5 миллион теңгені өртеп жіберді

Талқылау