Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында асылтұқымды төбет жемекші болғандардың аузынан құтқарылды

Екі азамат Ақмола облысында асылтұқымды төбетті ұрлап, сойып жемекші болған. Облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері полиция сойылғалы тұрған төбетті құтқарып, иесіне қайтарды деп хабарлаған.

төбетттт

Сурет petcare.ua сайтынан алынды.

«Аршалы ауданына қарасты Аршалы ауылындағы үйдің ауласынан егде жастағы азаматтың тибеттік мастиф тұқымды төбеті қолды болған. Ұрылар көрші Жібек Жолы ауылының 20, 24 жастағы екі азаматы болып шыққан. Олар төбетті жеуге ұрлағандарын жасырмады»,-дейді облыстық ІІД баспасөз хатында.

Жергілікті полиция төбетті тірі кезінде тауып, иесіне қайтарған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңге болыпты.

«Болған оқиға байланысты «Ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазірге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау