Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Акмола облысында әкім полицейді ұрып, тісін сындырған

Қызметтік көлікті мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз айдаған Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Отрадное ауылдық округінің әкімі Марат Мұқанов қызметінен кетті, – деп хабарлайды  Today.kz.

e29db4b5-26b8-4b0b-bc2d-2558f00bdcf5_0

Сурет: © Илья Шакиров

«Оқиға осы жылдың 13 қаңтарында болған. Мұқанов полицейлердің медициналық тексеруден өтуіне қарсылық танытқан. Тіпті, басымен полицейдің тісін сындырып, қалтасын жыртқан. Оқиға орнына жедел іздестіру тобы шақырылып, әкімді Жарқайың аудандық ауруханасына алып кеткен. Тексеру кезінде оның жеңіл түрде мас болғаны белгілі болды», – дейді Мемлекеттік қызмет саласы бойынша бақылаушы бас маман Асқар Жақұпов.

Мәдениет кеңесінде Марат Мұқанов өз кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігінің жеке көлігінде қалғанын айтты.

Әкім үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, Мәдениет кеңесінің мүшелері істі қарастыра отырып, Марат Мұқановты қызметінен босатуға шешім шығарды.

Талқылау