Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкесі көлігімен өз баласын басып өлтірді

Ақмола облысында ауладан көлігімен шыққан әкесі өз ұлын байқамай басып кеткен. Оқиға 20 шілде күні болған.

97_main

Сурет: news-ua.today 

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Пенчук мәлімдеді.

Қайғылы жағдай облыстың Шортанды ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, 35 жастағы әкесі Audi көлігін артқа қарай айдап ауладан шықпақ болған. Сөйтіп, өз баласын басып өлтірген.

Бүлдіршіннің денесі сараптамаға жеткізілді. «Жол ережесін сақтамай абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Күзетші робот кішкентай баланы басып кетті

Өскеменде бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті

Атырауда кәсіпкердің баласы мас күйінде үш адамды қағып, қашып кетті

Талқылау