Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 9 жасар қыздың өліміне дәрігерді айыптауда

Бұл жағдай 2014 жылы жазғы демалыс лагерінде болған. 9 жасар қыз тамағы ауырып жатқанын айтқан. Аз ғана уақыттың ішінде ол өзін жаман сезініп, түсініксіз жағдайда қайтыс болып кеткен.

даригерша

Белгісіз жағдайдағы адам өлімі бойынша істі қарау кезінде жазғы лагерге жауапты дәрігер кінәлі деп танылуда. Теміртау қаласындағы №4 аурухана дәрігері еңбек демалысы кезінде Бурабай ауданындағы «Континент» балаларды сауықтыру орталығына жұмысқа тұрып алған.

Шілденің 3-і күні тамағы ауырған қыз осы дәрігерге барған. Дәрігер оған тамағын тұз, ас содасымен шаюға кеңес берген. Үш күннен кейін ол бірден өзін нашар сезініп жатып қалған. Тек 7-сі күні оны аудан орталығындағы ауруханаға жеткізген. Ол жерде де жағдайы түзелмеген қызды облыстық ауруханаға жеткізген. Сол жерде жатқан жерінен 9 куні қыз қайтыс болған.

Бірнеше рет сараптама жүргізілгендіктен тергеу амалдары осы уақытқа дейін жалғасты. Нәтижесінбе БСО дәрігері баланың өміріне немқұрайлы қарағаны үшін айыпты деп танылды.

Соттағылар Бурабай ауданына қарасты БСО ауруханасына сараптама қорытындысын жіберген. Енді жақын күндері сот істі қарауды бастайды.

Талқылау