Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 80 жастағы кейуананың 3500 еуросын жымқырған алаяқ ұсталды

Полицейлердің мәліметі бойынша, алаяқтық қылмыс ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Шортанды кентінде орын алған.

get_img_b1b94

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 80 жастағы қария арызданып, бейтаныс ер адам алаяқтық жолмен  3500 еуро ақшасын жымқырып кеткенін айтты.

Аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 190 бабының 3 бөлімі бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру шарасы барысында 80 жастағы әжейдің жалғыз тұратыны және Германиядағы балалары ақша жіберіп отыратыны анықталды. Осыны білген күдікті қарияның үйіне келіп, өзін Германияға рейске шығып жүрген жүргізуші ретінде таныстырады. Кейін сеніміне кірген ол кейуананың балаларымен кездесіп, сәлемдеме және ақша  жібергенін айтады. Алайда, жолда келе жатқанда көлік сынып, оны жөндеуге 3500 еуро ақша қажет екенін айтып, сендіреді.

Алаяқтың арбауына сенген қария бірден көп ойланбастан сұраған ақшасын береді. Кейін біраз күн өткен соң алданғанын түсініп, полицияға хабарласады.

Дегенмен, жедел іздестіру шарасы барысында 64 жастағы астаналық қолға түседі. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып үстінен қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полицейлері iPhone телефонын алаяқтардың бұғаттап жатқанын ескертті

Алаяқтар танымал ірі компаниялар атынан жалған кастинг жасап ақша тауып жүр

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды? (видео)

Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен

Мәскеуде метро қызметкері банкоматта ұмыт қалған 100 мың рубльді ұрлаған

Алматы облысында бірнеше рет банкомат терминалдары тоналған

Талқылау