Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында полицейлер баланы қауып алған ротвейлерді атып тастады

Ақмола облысында ит 8 жасар баланы  қауып алып, полицейге шабуыл жасаған.

10418867

Шабуыл жасаған итті полиция қызметкері атып тастады.

Оқиға өткен бейсенбіде Степногорск маңындағы Заводской ауылында болған.

Дәрігердің көмекшісі 2-сыныпта оқитын баланы ит қауып алғандығын, көптеген жерінен  тістеп салғанын полицияға хабарлаған.

 Учаскелік полиция қызметкері оқиға болған жерге барған. Ит иесінің мекен-жайын анықтау барысында ротвейлер полицейге шабуыл жасаған. Полиция қызметкері табелді қаруды пайдалануға мәжбүр болып, итке екі рет оқ атқан.

Талқылау