Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 67 жастағы қария 5-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Көкшетауда 67 жастағы ер адам 5-қабаттан секіріп кетіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Ақмола облысында 67 жастағы қария 5-қабаттың терезесінен секіріп кетті

Көкшетау қаласының Бурабай ықшам ауданында жексенбіден дүйсенбіге қараған түні 67 жастағы ер адам 5-қабаттың терезесінен секіріп кетті,

Жедел медициналық жәрдем станциясындағылардың мәліметінше, ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін мерт болған.

Өңірдің полиция департаменті суицид фактін растады. Айтуыларынша, қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау