Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 6 айлық сәбидің неден көз жұмғаны анықталды

Ақмола облысы Красный Яр ауылында алты айлық сәбидің өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасы дайын болды. Медицина сараптамасының нәтижесіне сәйкес, сәби аяқ астынан демалуын тоқтатқан. Бұл – аяқ астынан болатын бала өлімінің синдромы, дейді дәрігерлер.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчуктың сөзіне сенсек, баланың ағзасынан инфекция немесе өміріне қауіп төндіретіндей жарақат табылмаған. Есесіне бронхтың жиырылуы, өкпе эмфиземасы бар.

«Қылмыс белгілері болмағандықтан, іс тоқтатылды», – деп түйіндеді сөзін Пинчук.

Айта кетейік, қаңтар айының басында Красный Яр ауылында алты айлық сәби шетінеп кетті. Ата-анасының айуынша, баланың өліміне еш себеп болмаған. Содан бір күн бұрын анасы әдеттегідей сүт беріп, ұйықтатқанын айтады. Баланың дені сау болған. Ал таңғы сағат төртте баланың көз жұмғаны белгілі болған-ды.

Дәрігерлер баланың дамуында ешқандай ауытқу болмаған деп отыр.

Полициядағылардың айтуына қарағанда, ата-анасы азаматтық некеде тұрады, ешқайда тіркеуде жоқ. Бас дәрігер Сағынтай Гельмановтың айтуынша, бұл аяқ астынан келетін бала өлімі синдромы болуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Актердің Қазақстандағы сапары: Марк Дакаскос желіге секіріп тұрған суреттерін жариялады

Отбасым үшін қорықтым: Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Алматы облысында 14 жастағы қыз әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды

Талқылау