Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 6 айлық нәресте белгісіз себептермен қайтыс болды

Красный Яр ауылында 6 айлық нәресте белгісіз себептерен қайтыс болды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің ешқандай медициналық мәселелері болмағанын.

“Ай сайын дәрігерлер емшектегі сәбилердің үйін аралап, жағдайларын бақылап,  аналарымен сөйлеседі. Немесе ата-аналары балаларын алып келеді. Қайтыс болған баланы 5 ай бойы бақылағанда балада да, анасында да ешқандай мәселелер болмаған. 2 ай бұрын анасының сүті шықпай қалып, бала жасанды сүтпен тамақтанды. Біз оларға балалар тағам түрлерін айттық”, – дейді №2 Көкшетай қалалық ауруханасының бас дәрігері Сағынтай Гельманов.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың анасы дәрігерлердің нұсқаулықтарын бұлжытпай орындап отырған.

“Балаға не болғанын бір айдан кейін гистологиялық сараптама нәтижесінен біле аламыз. Соның нәтижесі бойынша қорытынды жасалады”, -дейді бас дәрігер.

Айта кетейік, қаңтардың 6 күні 2017 жыл туған ұл бала аяқ асты көз жұмған еді.

Полицейлер аталған отбасының әлемуеттік жағдайы жақсы болғанын және ешқандай есепте тұрмағанын айтты.

Тағы оқыңыз:

Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Талқылау