Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 22 жасар бойжеткен жоғалып кетті

Жақсы ауданының орталығында 22-жастағы бойжеткен жоғалып кетті.

a868b80adf8473cb7b3862027ee109c8_XL

Бұл туралы Вконтакте желісіндегі «Іздеймін сені. Астана» тобында хабар таратылған.

Туыстарының сөзінше, Мақпал жұмбақ жағдайда жоғалып отыр.

«Әпкем нан алуға шығып, содан қайта оралмады. Куәгерлер оның такси ұстап, Астанаға қарай беттегенін айтты. Жұмысында да бәрі жақсы еді, жігітімен де тату болатын. Оның аяқ астынан неге кетіп қалғанын білмеймін», – деді Мақпалдың туысы.

Оның айтуынша, Мақпал құжаттары мен ұялы телефонын үйінде қалдырып кеткен. Қыздың ата-анасы Астана қалалық мен Жақсы аудандық полициясына шағым түсірген.

Жіберіп алмаңыз: 

Жоғалып кеткен жігіттің жеңілтектігі жұрттың ашуын келтірді

Қарағанды облысында 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Ақтөбеде екі жыл бұрын жоғалған оқушы өлі күйінде табылды

ОҚО-да бір жыл бұрын жоғалған бозбаланың анасы жұрттан көмек сұрайды

 

Талқылау