Ақмола облысында 20 жастағы жігіт 5-қабаттан секіріп кетті 

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқиға бүгін Щучинск қаласындағы Боровской көшесі, № 66-үйде болған. «Сағат 16:15 Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны телефон шалып, 5-қабаттағы терезеден жігіттің секіріп кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетті», – деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Ведомствоның дерегі бойынша, жігіт Біржан сал ауданы Үлгі ауылының 20 жастағы тұрғыны осылайша өз өмірімен қоштаспақ болған. Жігіт түрлі дене жарақтымен Щучинскідегі аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Тағы да оқыңыз:

“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар