Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 2 жасар қызын жоғалтып алған ата-анаға айып тағылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен 2 жасар Эллина Кульдинаның ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға ата-ана міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

zhogalgan-kyz

“Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 141 бабы “Баланың өмірі мен қауіпсіздігі міндетін атқармағаны үшін” деген айып негізінде қылмыстық іс қозғалуда”, – деді ІІД өкілдігі.

Еске сала кетсек, 2 жасар бүлдіршін 10 мамыр күні жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты астаналық отбасы 2014 жылы туған қызымен өзен жағасында демалған. Кейін үйлеріне қайтарында ойын баласын таппай қалған. Ата-ана сол маңдағы орман ішін сүзіп шығып, тек, баланың ойыншығын өзен жағасындағы жардан тапқан. Бұған дейін Эллинаның қайда екеніне қатысты көріпкелдердің де болжамын жариялаған едік.

Отбасы ешқандай да аз қамтылған емес, бақуатты отбасылар қатарына жатады екен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция бұл ретте кішкентай қыз суға ағып кетуі мүмкін деген болжам жасауда.

Талқылау