Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 18 литр сүт ұрлаған әйел істі болмақ

Шортанды ауданында 18 литр сүт ұрлаған 49 жастағы әйел қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

9356312

Полицейлердің мәліметі бойынша аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруашылықтардың бірінің өкілі хабарласып, № 1 сүт-тауар фермасынан 18 литр сүт пен 3 келі алюминий сымы ұрланғанын айтып шағымданған.

Осыған байланысты жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Шортанды ауданы Раевка ауылының 49 жастағы тұрғыны әйел қолға түсіп, кінәсін толық мойындады.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 187 бабының 1 бөлімі бойынша (ұсақ ұрлық жасау) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Талқылау