Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 17 жастағы бозбала іздестірілуде (фото)

Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы боз бала іздестірілуде.

жігітттт

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Арман Елдосұлы Ғазизов 1999 жылдың 10 желтоқсанында туған.

Жоғалғанға дейін Целиноград ауданының Мәншук ауылында тұрған. 2016 жылдың 27 сәуірінде үйінен шығып, Астана қаласына кеткен. Бүгінгі күні оның қайда жүргені белгісіз. Қара түсті былғары куртка, көк түсті джинсы шалбар, қара спорттық аяқкиім (красовка) киген, қолында «Адидас» жазуы бар спорттық сөмкесі (рюкзак) болды.
Бойының ұзындығы 160-165 сантиметр, арық келген, қой көзді, шашы қысқа қара түсті, тік мұрынды.
Егер оны көрген немесе қайда жүргенін білетін адамдар болса, 8-716-51-25-00-2 немесе «102» телефон нөмірі арқылы хабарласуына болады», деп көрсетілген хабарламада.

Талқылау