Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 16 жастағы қыз отыз метр биіктіктен секіріп кетпекші болды

Ақмола облысында полицейлер 16 жастағы қыздың суицид жасамақ болған әрекетінің алдын алды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

6619bc7c-cd14-446d-9fc8-6de806a13170

“Бестөбе ауылындағы полиция бөлімшесіне жас қыздың биіктігі 30 метр болатын қаңырап қалған ғимарат төбесінен секіргелі жатқаны туралы хабар келіп түсті. Ол өзінің жігітімен ұрысып қалғаннан кейін осындай қадамға барған. Келіссөз кезінде полицейлер қызды секірмеуге көндірді”, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі қызға медициналық көмек көрсетілгенін, жағдайы жақсы екенін айтты. Қазір жасөспіріммен психологтар мен әлеуметтік педагогтар жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз:

“Қорғас” шекара бекетіндегі екі жігіт арасындағы төбелес адам өліміне соқтырды (видео)

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам бақилық болды

БҚО-да емтиханнан төмен баға алған оқушы өзіне қол жұмсады

80 жастағы әжей соққыға жығылып ес-түссіз жатқан жалғыз немересінің өмірі үшін күресіп жатыр

Талқылау