Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жігіт анасын 39 жылдан соң тапты

Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны анасын 39 жыл өткен соң тапты. 39 жастағы Қанат Тоқашев анасын алғаш рет көрді. 

39_jyldan_son

Қанат ата-әжесімен, әпкесінің қолынды өскен. Жақындары анасының көз жұмғанын айтыпты. Әкесі де 15 жыл бұрын мерт болған. 

"Әкем мен анам бала күнімде ажырасып кеткен екен. Оған не себеп болғанын білмеймін. Ешкімді кінәлауға болмаqтын шығар. Маған анаң көз жұмған деді. Бірақ мен оның іздей бердім", - дейді Қанат. 

Алайда анасының тірі екеніне сенбеген Қанат оны іздеуін доғармайды. "Жди меня" бағдарламасына барып, анасы өлі болса, қабірін тауып беруін сұрайды. 

Осы бағдарламада ұлы мен анасы 39 жылдан соң қауышты. 

Анасы Набат Исаеваның айтуынша, бірінші күйеуі ішкілікке салынып, қол жұмсауға дейін барған. Сол себепті, ажырасып кетіпті. Ал, баласын күйеуі мен енесі алып қалған. Қайтарып алмақ болғанда, шетінеп кеткенін айтып сендірген. Кейіннен екінші рет тұрмыс құрып, 4 баланы өмірге әкелді. 

"Маған күйеуім баламды емізіп жүргенде, ағзасына инфекция түсіп, ауырғанын айтты. Мен ұлымның тірі екенін білмедім. Мен сені жақсы көрем, ұлым.  Сені күтем. Кездесуді қалаймын. Егер қателік жіберген болсам, кешірші", - дейді анасы. 

Бүгінде анасы мен ұлы бірген. Қанат анасын өз отбасымен таныстырды. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр