Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аққу өзін құтқарған адамға ерекше алғыс білдірді (фото)

Аққулар достыққа құмар құс емес. Олар өздеріне белгілі аумақта ғана мекен еткенді дұрыс көреді. Аққулар адамдардың қызығушылығын еш сезінбестен, тек өзінің серіктестерімен ғана серуен құрады.

SwanHugs01 (1)

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Ал біздің кейіпкеріміз өзін құтқарып алған адамға алғыс ретінде оны құшақтап алған. Бұл бүкіл әлемнің таңданысын тудырды.

Британиялық тележүргізуші Ричард Виз бұл аққуға Абботсберри қорығын аралап жүріп кез болған. Құс шарбаққа қыстырылып қалып, қанша талпынса да өз бетімен шыға алмаған. Ричард байғұс аққуды босатып жібергенде, ол бұған алғыс белгісі ретінде өзінің ұзын мойынымен орап құшақтап алған.

“Суда ғана мекендейтін жабайы құстың мұншалықты ырзашылық білдіруін тікелей сезіну керемет дүние!”, – дейді таңқалған Ричард.

SwanHugs02

SwanHugs03

SwanHugs04

SwanHugs05

Талқылау