Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімшілік айыппұлдардың ең көбі Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өтелді

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 3 906 664 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

bap_akmola

Бұл туралы inform.kz хабарлады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа кодексін қолдану аясында елімізде 3 906 664 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, бұл 2014 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 15%-ға артық. Бұл туралы 11 айдың қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінен хабарланды.

Атап айтқанда, жаңа Әкімшілік кодексінде бұзушылыққа «ескерту» түрінде жаза қолданатын баптардың саны көбейді, шағын бизнес субъектісіне салынатын айыппұлдардың сомасы азайды, сондай-ақ қысқартылған өндірістер мен жеңілдіктер енгізілді. Демек, осы жылы «ескерту» түрінде жаза қолдану 34%-ға көбейді, бұл жаза 647 644 құқық бұзушыға қатысты шығарылды.

Мемлекеттік органдар айыппұл салу туралы қаулыны 2%-ға аз шығарды, оған қатысты 55,8 млрд. теңге сомасында 2 725 402 құқық бұзушы жауапты болды.

Құқық бұзушылық жасаған адам өз кінәсін мойындап, айыппұл құнымен келісе отырып, 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеген жағдайдағы әкімшілік іс жүргізудің енгізілген қысқартылған тәртібі мемлекет қазынасына 5,6 млрд. теңге енгізуге мүмкіндік берді. Бұл құқық бұзушылардың өздері де осыншама үнемдеп қалды дегенді білдіреді.

Барлық салынған айыппұл сомасынан 51 пайызы немесе 28,5 млрд. теңге өндірілді. Сондай-ақ, осы жылы құқық бұзушылар 6,4 млрд. теңгеден артық сомада өткен жылдардың айыппұлдары бойынша 71 мың қаулыны орындады. Жалпы өткен кезең бойынша әкімшілік айыппұлдарды өтеу есебімен мемлекет бюджетіне 35 млрд. теңгеден артық сома келіп түсті.

Белгілі болғандай, өңірлер бойынша әкімшілік айыппұлдардың ең көп өтелуі Маңғыстау (83%), Батыс Қазақстан (71%) және Шығыс Қазақстан (70%) облыстарында және Астана қаласы бойынша (69%) көрініп отыр.

 

 

Талқылау