Әкімнің орынбасары қағып өлтірген жігіттің әкесі шенеунікті жазаламауды сұрады

ШҚО-да көлік апатынан болған адам өліміне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат.

Марқұмның әкесі соттан шенеунікті жазаламауды сұрады.

Бұл іске қатысы бар делінген Өскемен әкімі сот отырысына келген жоқ.

Атышулы іске қатысы бар делінген Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев белгісіз себеппен сот отырысына келмей қалды. Ол бұған дейін сот процесіне кедергі келтірмеу үшін ақысыз еңбек демалысына кететінін мәлімдеген болатын.

Марқұмның әкесі Виктор Смольников Риддер қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Құрманбаевты жазаламауды сұрады.

«Мен Құрманбаевқа бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауларыңызды сұраймын. Мұндай шешімге келуіме ешқандай ақшаның қатысы жоқ. Ешкім мәжбүрлеген де жоқ. Құрманбаевтың туыстары кешірім сұрай келген кезде олардың да жағдайымәз емес екенін көрдім» – деді Виктор Смольников. Дегенмен ол экс-шенеунікті кешірмегенін ҚазАқпарат тілшісіне айтты. «Мен оны бас бостандығынан айырмауды сұрағаныммен, кешірдім деген сөз емес. Оның да менің ұлым сияқты балалары, мен сияқты әкесі бар екен. Соны ескеріп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрадым. «Мен оны бас бостандығынан айырмауды сұрағаныммен, кешірдім деген сөз емес. Оның да менің ұлым сияқты балалары, мен сияқты әкесі бар екен. Соны ескеріп, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрадым» – деді марқұмның әкесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар