Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімнен сөз естіген ақтөбелік 14 баланың анасы қоныс тойын тойлады

Жақында ғана 14-ші сәбиін өмірге алып келген ақтөбелік Әлия Новикова қызметтік үш бөлмелі пәтерге орналасты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

575d4d7e-5380-45cd-aed1-366b5109ba66

Осылайша әкімдік көпбалалы Новиковтар отбасының баспана мәселесін уақытша шешіп беріпті.

“Нұр Ақтөбе” ықшамауданында орналасақан аумағы 84,4 шаршы метр болатын қызметтік пәтердің кілтін “Әлеуметтік бағдарлама және жұмыспен қамту” басшысы Найля Бөртібаева табыстады.

“Диана Новикова облыстық ауруханада жұмыс істейді. Сол себепті Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы Әлия Новикованың үлкен қызына қызметтік пәтер бөлініп отыр”, – делінген хабарламада.

Новиковтар отбасы бұл пәтерде “Көпбалалы отбасы” бағдарламасы аясында кезек бойынша пәтер аламын дегенше тұра тұрады. Бұған дейін бұл отбасының пәтер жалдап жүргені және “жағдайың болмаса туа берме” деп әкімнің ұрысқаны жарияланған еді.

Әлияның отбасында 8 ұл және 6 қыз болды. Үлкен қызы – 24 жаста. Ал ананың өзі екі рет әже атанып үлгерген: екі үлкен қызын тұрмысқа беріп, ұлын да үйлендіріп үлгерген екен. Бірақ, осыншама іс тындырып, жасы келгеніне қарамастан бала тууға кедергі ештеңе көріп тұрған жоқпын дейді ол.

Талқылау