Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкімдік жер берсе": Бағлан Әбдірайымов көпбалалы отбасыға үй салып бермек

Бағлан Әбдірайымов Алматы облысында тұратын көпбалалы отбасының жағдайын біліп қайтты. Ішерге ас, үйді жылытуға көмір таба алмай отырған жанұяның жағдайына әнші бей-жай қарап отыра алмапты, деп жазады Stan.kz.

"Әкімдік жер берсе": Бағлан Әбдірайымов көпбалалы отбасыға үй салып бермек

"Бүгін, Сырым дос екеуміз Іле ауданы, Қуат елді мекені, Ашкеев 25-ші үй, /гресс/ бес балалы отбасыға арнайы барып келдік. Өте нашар жерде өмір сүріп жатқанын көріп, көзбен көрген жөн деп санадық. "Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ, жағарға көмір, жеуге нан жоқ" деген соң, шыдамадым. Бір екі достарыма айтып едім, қолдан келген қаражатты салып жіберіпті. Алла разы болсын", - дейді Бағлан.

Әнші алдағы уақытта отбасы үшін жер сұрап, әкімдікке жүгінбек. Ол мемлекет тарапынан жер берілсе, көпбалалы отбасыға үй тұрғызып беруге дайын екенін жеткізді. 

"Үйіп-төгіп уәде бермесек те аздап қаражат жағын бердік. Пәтер ақысын бізді күткендей-ақ егесі де келе қалды. Отағасы көрші елдің азаматы болған соң /қазақ/ КЗ елінің азаматтығын ала алмапты. Қыста мойкада, жазда стройкада жұмыс жасайды екен. Өзімен жолыға алмадық. Жұмыс жасап, ақша табу үшін үш-төрт күнде бір келетін көрінеді. Қазбалап сұрауға ұялдық. 

Тұрмысы нашар, көпбалалы отбасы көп көрінеді. Әттең, қолдан келсе көмектескің-ақ келеді. Алдағы уақытта әкімдікке кіріп, жер сұрасақ деген ниеттеміз! Жер алған жағдайда екі бөлмелі үй тұрғызып беру ойда бар. Әуелі, Алла сосын сіз бен біз асарлатып жіберсек, баспаналы болып қалады. Балақайлар сүйкімді, пысық. Ең бастысы дендері сау. Анасы Астанада болған жағдайдан соң жалдамалы жұмыстан бас тартып, бала-шағасының қасында отыр. Екі бала мектепте оқиды. Екі баланы жергілікті балабақша тегін қабылдапты. Бесіншісі емізулі", - дейді Әбдірайымов.
 
Әнші отбасыға көмек берем деушілер үшін реквизиттерді жариялады.
ИИН: 920320402420
Каспий: 51 69 49 31 89 22 74 50 
Киім, азық-түлік барлығы қажет! 
Тікелей байланыс: ‭8 (747) 415-12-05‬ Толғанай анасы

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр