Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкімдік назар аудармады": Алматы облысының тұрғындары өз ақшасына балалар алаңқайын тұрғызды (видео)

Алматы облысы Талғар ауданындағы Қызылту аулының тұрғындары өз ақшасына балаларға арналған ойын алаңқайын тұрызып, орындықтар мен турниктер жасаған. Желіде ауыл тұрғындарының жұмылып жұмыс істеп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан ауыл тұрғындарының балалар алаңқайының жанындағы футбол алаңын қоршап жатқаны көрінеді. Өз қаржыларын жұмсап, қолда бармен амалдаған олар алаңды көліктің дөңгелегімен қоршауда. 

Видео авторының сөзінше, Қызылту аулының тұрғындары әкімдіктің ақша бөлуінен үміт үзіп, өздері іске кіріскен.

«Олар өз қаржысына балалар алаңқайын тұрғызып, футбол алаңын қоршап қойды. Бәрі қолынан келгенше көмектесіп, ақша беруде. Әкімдікке жүгіндік, бірақ назар аудармады», - дейді ол. 

Сонымен қатар тұрғындар орындықтар мен турниктер жасаған. Тіпті, алаңды жолдан бөлу үшін, өздері қоршап, бетон құймақ.  


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр