Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімдігі сарқырама мен 30 суретке тапсырыс берді

Облыстық әкімдік мемлекеттік сатып алу сайтынан 3 жиҺазға (3 кресло) тапсырыс беріп, оған 1 млн 750 мың теңге жұмсаған.

406057-94570

Одан бөлек, шенеуніктер бюждет қаржысынан жарты миллион теңгеге ыдыс-аяқ, 90 мың теңгеге үтік және ауа тазартқышты 292 мың теңгеге сатып алған, деп хабарлады “Диапазон”.

Мемлекеттік тапсырыс беру сайтында былай делінген: Ақтөбе облысы әкімшілігі басқарма басшысы мен оның меймандарына 1 млн 750 мың теңгеге 3 жиһаз (жоғары сапалы былғарыдан жасалған және алтын жезбен көмкерілген) сатып алуды жоспарлаған.

Облыстық әкімдіктегілер тапсырысты қайтарып алғандарын айтып, сайттағы ақпараттың да өшірілетінін мәлімдеген. Алайда тапсырыс туралы ақпарат 21 қыркүйек күні әлі де сайтта тұр еді. Бірақ енді басшыға құны 630 мың теңге тұратын жиһазға тапсырыс берілсе, оған келетін меймандарға 560 мың теңгелік кресло әзірленуде. Одан бөлек 500 мың теңгелік телефонға арналған сөрелер, 222 мың теңге тұратын таза мақта-мата кездемесінен тігілген кілем, әрқайсысы 1.5 миллион теңге тұратын 31 картина және 1.6 млн теңге тұратын әйнекті сарқырамаға тапсырыс берілген.

Аталмыш сайтта әкімдіктің есіктерге тапсырыс бергені туралы мәлімет бар. Бір есіктің бағасы – 524 мың теңге. Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер 5 млн 375 мың теңгеге металлды терезе қоюды жөн көрген.

Креслодан бөлек шенеуніктер ғимараттың ішін басқа да жиһаздармен толтыруды құп көріпті. Жалпы жиһаз жиынтығына 2 миллион 79 мың теңге жұмсау жоспарланған. Жиынтыққа шкаф, үстел, орындықтар мен креслолар енген. Ал кабинеттерді жөндеу жұмысына 8 млн 989 мың теңге қарастырылған.

Әкімдіктегілер мұнымен де тоқтап қалмаған. 540 мың теңге тұратын «жоғары сапалы ыдыс» жиынтығына да тапсырыс берілген. Оның құрамына мүсіні қойға ұқсас 4 аяқты ағаштан жасалған 4 дана астау мен ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген пиала бар. Одан бөлек 292 мың теңгелік ауа тазартқышқа, 90 мың теңгеге душ кабинасына және 90 мың теңгелік үтікке тапсырыс берілген. Айтпақшы, мемлекеттік қызметкерлердің рухани дамуы үшін методикалық әдебиет сатып алу көзделген. Әр кітаптың бағасы – 18 мың теңге. Оған 1 миллион 70 мың теңге тұратын фотоаппаратты қосыңыз.

Тауарға тапсырыс берушілер аталмыш жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартып, жазбаша күйде өтініш жіберуді сұраған. Газет жарыққа шығар сәтке дейін «Диапазон» редакциясына ресми мәлімдеме келіп түспеді. Ал Қазақстан мұсылмандар бірлестігі біздің әкімдікке халықтың жағдайын көтеретін және терроризмді жоятын кресло сыйлауға уәде етті. Бұл туралы бірлестік төрағасы Мұрат Телібеков өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

Жіберіп алмаңыз: 

Желі қолданушылары Исекешев пен Собяниннің ұқсастығына қайран қалды

Жаңа туған баланың құжаттарын енді перзентханада да рәсімдеуге болады

ШҚО-да шенеунік қоластындағы қызметкерлерін «малдар» деп атаған

Талқылау