Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдер қанша айлық алатындарын жасырмай айтты

Облыс, қала әкімдерінің айына алатын жалақысын білгісі келетіндер көп. Әрине ресми белгіленген айлығының өзін. Ал әкімдердің арасында оны құпия ұстайтындары көп. Дегенмен, халықтың салығынан төленіп отырған айлығын жасырмайтындар да бар екен,-деп жазды  informburo.kz сайты.

акимдер

Халықтың қамын жеп күні-түні еңбек етенін әкімқаралардің  айлығы да аз емес болып шықты.  Біра, барлығының айлығы бірдей емес екеніне көз жетті. Сонымен, ең табысы көп және ең «кедейі» қайсысы ?

Шынын айтудан қашқақтамағандардың ішінде айлығы көп «бай» әкім – Қарағанды облысының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков екен. Айлығы миллион теңгеге жуықтайды. Әкім мырза өткен жылы 7 млн 646 мың теңге табыс тауыпты. Ал ең аз жалақы алатын шенді – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов болып шықты. Оның жалақысы – жарты миллионнан жоғары екен.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі – 636 974 теңге.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі – 716 866 теңге.

Алтай Көлгінов, БҚО әкімі – 742 527 теңге.

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі – 788 617 теңге.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі – 924 431 теңге.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі – 953 260 теңге.

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жалақыларын 716 867 теңге мен 967 674 теңге аралығында деп жұмбақтап көрсеткен.

Жалақысын құпия ұстағысы келетіндер  ішінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «айлық табыс туралы мәлімет елге жариялауға болмайтын, «қызметте пайдалану үшін» деген белгі қойылған құпия ақпарат» деген сылтау айтса, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин меморган қызметкерлерінің қандай заңға сәйкес жалақы алатынын айтып берген. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметкерлердің айлығы қалай есептелетінін көрсетіп бергенімен, өз табысының нақты сомасын атамаған. Ал Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «өз айлығының Қазақстандағы басқа мемқызметкерлердің жалақысынан артық та, кем де емес екенін» айтумен шектеліпті.

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов сұрау салған журналистерді коммерциялық құпияны ашқаны үшін жауапкершілікке тартамын деп қорқытқан көрінеді. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болса бір сайттың сілтемесін беріп құтылған. Алайда, ол сілтемеде орынбасарларының табысы ғана көрсетілген екен. Көкірекбаевтыкі жоқ. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сауалға мүлдем жауап қатпапты.

 

 

Талқылау