Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО әкімі қамауға алынған Тоқтар Төлешевке қатысты пікірін айтты

Қамауға алынған ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешевтің «Шымкент сыра» ЖШС өзінің қызметкерлеріне айлық үшін  27 миллион теңге қарыз болған еді. Бүгінде сол қарыздың 10 миллионы төленіпті.

03_19

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов айтып өтті.

«Бұл оқиға біздің облыс үшін атышулы болғаны рас, бірақ республика деңгейінде емес. Оның ісі жайлы сұрақтар негізінен құқық қорғаушылардң құзырында. Зауыттағы жалақыға келетін болсақ, «Шымкент сыра» кәсіпорны жабылған жоқ, ол істеп тұр. Былтыр желтоқсанда ол қызметкерлеріне 27 млн. теңге қарыз болатын. Оның 10 миллионы өтелді. Енді 17 миллион теңге берешегі қалды. Бірақ бұл маусымдық мәселе дер едім, қыс мезгілінде тауарлар аз сатып алынады, тиісінше пайда мен кірісі азаяды, бірақ жұмысшылар саны азайып отырған жоқ. Сондықтан осы мәселе біздің еңбек инспекциясының бақылауында тұр», – деп атап өтті облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 1 ақпан күні Астана қаласы №2 алматы аудандық соты Тоқтар Төлешевті қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол есірткі сақтады және қылмыстық топты қаржыландырып келді деп айыпталуда.

 

Талқылау