Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім сынағанымен ҚБТУ студенттері джиппен жүруді жалғастыруда (фото)

Күні кеше Алматы қаласының әкімі дат архитекторы Ян Гейл ойлап тапқан концепцияға сәйкес ҚБТУ ғимаратының алдын көліктерден босату үшін шара қолданатындығы туралы айтқан болатын. Бүгін Stan.kz тілшісі аталған университет қабырғасында болып, жағдайды біліп қайтты.

4

“ҚБТУ алдында мыңдаған көлік тұрады. Не балалармен, не бесік арбамен еркін жүріп өту мүмкін емес. Мұның салдары неге адамдарға әсер етуі тиіс? Тағы да біздің студенттер. Бұл – олардың көліктері. Қымбат көлікпен жүреді. Алып тастау керек! Жаяу жүрсін, велосипедпен жүрсін. Кейін еңбектеніп, көлікпен жүретін болады. Бұл жерде адамдар жүре алатындай жағдай жасауымыз керек», – деп наразылығын білдірген болатын Бауыржан Байбек.

3

6

22

Расымен де, университет айналасында ине шаншыр орын жоқ демесек те, жаяу жүргіншілерге кедергі жасайтыны рас. Университеттің тұрағы лық толып, үш жағында да көліктер қаз-қатар тізіліп тұр.

11

2

25

Саны тым көп болғандықтан, бір-біріне жақын қойылған. Осының салдарынан студенттердің өздері де еркін жүре алмайды.

18

26

28

Қымбат көлік мінген студенттерден өзге, сабаққа жаяу келетін жандар да бар екен.

12

13

14

Тұрақтағы көліктер арасынан бір велосипедті байқап қалдық.

5

27

19

Университет айналасындағы тұрақтар бірінші кезекте ұстаздарға арналған. Алайда бұл жердегі көліктердің шамамен  10%-ы ғана ұстаздарға тиесілі болса керек.

9

16

8

Естеріңізге сала кетсек, дат архитекторы Ян Гейл 11-13 қаңтар аралығында елімізде қонақта болып, Алматы қаласын көркейтуге, оны барынша тұрғындарға жайлы қалаға айналдыруға атсалысатыны туралы айтқан болатын.

17

Архитектордың концепциясына сәйкес, Алматы қаласындағы тұрақтар саны азайып, арықтар қайта қалпына келтіріліп, суаттар жасалады. Жібек жолы, Панфилов, Қонаев, Абылай хан және Республика алаңы сынды көшелер ретке келтіріліп, Әл-Фараби даңғылы желекжолға айналады.

10

16

Мүмкіндігі шектеулі көлік жүргізушілерінің орнына да ешқандай белгісі жоқ жол талғамайтын көліктер қойылған.

20

“Бұрын біз де көліктерді ығыстырсақ, барлығы ретке келеді деп ойлағанбыз. Алайда бұл мәселені көліктермен тоталитарлы соғыс жүргізу арқылы шешу мүмкін емес сияқты… Мысалы, әр көшеге ыңғайлы тротуарлар салу керек… Мұның барлығын шетінен, саты бойынша ғана жүзеге асырып отыру қажет” деп Ян Гейл асықпауға кеңес берген. Мұнымен қатар, өзгерісті аз қаражаттың көмегімен жасауға болатынын тілге тиек еткен.

21

24

23

Архитектордың кеңесін ескеріп қала әкімі асықпауды жөн көрді ме, әлде бұл жаңалықтар ҚБТУ студенттеріне жетпеді ме белгісіз. Әзірге еш өзгеріс жоқ. Мыңдаған көліктер қаз-қатар тізіліп, жаяу жүргіншілерге кедергі жасауда.

Өз кезегінде ЖОО ректоры  ҚБТУ маңында көптеген қаржы мекемелері мен әкімшілік ғимараттардың көп екенін айтып көліктердің жартысы соларға тиесілі деп ақталған еді.

Талқылау